«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы З.С. Жәкішева «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары», О.Н. Гумирова «Сиқырлы думан», Сен білесің бе? «Ән-күй аспаптары» кітаптарынан алынған материалдарды пайдалана отырып, балаларды ән-күй ұлттық аспаптардың түрлерімен таныстырды. Балалар ұлттық аспаптардың алуан түрлілігін көрсететін түрлі-түсті кітаптарды қызығушылықпен оқып, қарады. Іс-шара соңында оқушылар белсенді түрде «Тап!» ойынына қатысып, сөзжұмбақ пен жұмбақтар шешті, домбыраның суретін салды.
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары
