2025 жылғы 7 сәуірде, Н. Островский атындағы Орталық қалалық кітапханахана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 6697 әскери бөлімінің сарбаздары үшін «Мәңгілік естелік» атты ерлік сабағын өткізді. 1995 жылы тәжік-ауған секторында Қазақстан шекарасын қорғаған 17 әскери қызметкерді еске алуға арналған шара бір минут үнсіздікпен басталды.
7 сәуір Қазақстанда ерлік күні болып жарияланды. Кітапханашылар осыдан 30 жыл бұрын болған оқиғаларға тоқталды. 1-атқыштар взводының командирі, № 6697 әскери бөлімінің лейтенанты А. К. Шадаев жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Тарих беттерін ашатын электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Нағыз, қайғылы оқиғалар негізінде түсірілген «Қазбат» фильмінің сюжетін ашатын бейнеролик сарбаздарға қатты әсер етті. Ерлік сабағы қаза тапқан әскери қызметкерлерді еске алуға арналған В. Миннің әндерін гитарамен орындаумен аяқталды.
Мәнгілік естелік
