Балалық шақтың кітап кемпірқосағы

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Халықаралық балалар кітабы күнін мерекелеу аясында № 13 ЖББОМ оқушылары үшін Б. Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Х. Андерсеннің «Дюймовочка», А. С. Пушкиннің «Сказка о попе и работнике его Балде» және басқа кітаптардың мерейтойлық күндеріне арналған «Балалық шақтың кітап кемпірқосағы» атты әдеби вернисажын өткізді.
Балалар іс-шара барысында балаларда сияқты кітаптардың туған күндері болатындығы туралы білді. Балалар «Халық даналығы», «Ертегі граммофоны» көңілді конкурстар мен викториналарға қуана қатысты. Ұсынылған кітаптарға сәйкес олар ертегі кейіпкерлеріне сипаттама берді, шығарманың қысқаша сюжетін қайталады.
Қазіргі мектеп оқушылары әлі де сұранысқа ие және өзекті болып табылатын әлемдік балалар әдебиетінің сүйікті шығармаларын жақсы білетіндіктерін көрсетті.