Табиғатты қорғайық

Экологиялық білім беру аясында ағымдағы жылдың 9 сәуірінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында 5 сынып оқушыларына «Табиғатты қорғайық» экологиялық сабағы өтті.
Кітапханашы экология мен адам денсаулығына кері әсер ететін факторларды тізімдеді. Ол табиғи апаттардың басты себебі табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін адамның іс-әрекеті екенін айтты.
Оқушылар «Қоқыстың ыдырау мерзімі» презентациясын қарап, экологиялық викторина сұрақтарына жауап берді.
Сонында балалар экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, табиғаттағы мінез-құлық ережелерін тұжырымдады.