«Южный» кітапхана-филиалында «Друзья природы» үйірмесінің қатысушыларына «Менің күн тәртібім» сабағы өткізілді. Кітапханашы өз күнін қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін, күн тәртібін сақтау – денсаулыққа апаратын жол екенін айтты. Үйірменің жас қатысушылары өздерінің күн тәртібімен бөлісті. Дұрыс тамақтану, ұйықтау, дұрыс демалу туралы әңгімелесті. Балалар ойындарға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында балалар «Как устроено тело человека» сериясынан: «Движение», «Мышцы», «Скелет», «Дыхание» кітаптарды тамашалады.
Менің күн тәртібім
