Бізбен бір толқында бол!

2025 жылдың 10 сәуірінде «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Туған жеріңе саяхат…» жобасы шеңберінде «Бізбен бір толқында бол!» үгіт-насихат бригадасын өткізді. Шараға Б. Момышұлы атындағы № 5 мектептің 9 «а» сынып оқушылары қатысты.
Вагин Юрий «РИТМ» жастар бірлестігінің жетекшісі және Ұлттық волонтерлік желінің жаттықтырушысы, жастарды игі іс жасауға шақырды.
Қостанай облысы облыстық ресурстық орталығының еріктілер секторының басшысы Иващук Анастасия таныстырылымның сүйемелдеуімен еріктілердің қызметі туралы айтып берді. Слайдтарға пікір білдіріп, сұрақтарға жауап берді, волонтерлердің түрлі бағыттардағы жұмысының жарқын мысалдарын келтірді. «Мы – волонтеры родной земли» өлеңі оқылды. Мамандардың сөзі оқушыларды адамдарға жақсылық жасау арқылы өзіңе де көмектесесің деген ойға алып келді.
Кітапханашы «Слова-ассоциации. Волонтёр – это?», ойынын өткізді. Балалар жақсылық туралы мақалдардың екі бөлігін жинады. Мейірімділік туралы, «Морская звезда» әңгімесін тыңдады.
Жобаға қатысушылар «Делая добро, ты меняешь себя и жизнь вокруг!» деген плакатпен көшеде өтіп бара жатқандарды волонтерлік қозғалыс қатарына кіруге үгіттеп, іс-шараны жалғастырды. Тілек білдірушілер «Давайте вместе делать добро!» буктемелермен танысып, әлеуметтік белсенділіктің пайдасы туралы стикер-үндеулер алды.