Ақын адам – ақ көңіл

А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым, әлем халықтары Жазушылар Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қостанай қаласы мен Қостанай облысының Құрметті азаматы Серікбай Оспановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ақын адам – ақ көңіл» кітапханалық журфиксін ұйымдастырды.
Серікбай Оспанұлын өзі жазған жан әнімен Ахмет Байтұрсынұлы ат. мектеп мұғалімі Данагүл Өтепбаеваның орындауында қарсы алды. Балалық шақтың қызықты естеліктері, әдеби жолдың басталуы, туған жерге арналған алғашқы өлең – ақынның балалармен кездесуі осылай жалғасты.
Кітапхана ұжымы атынан мерейтой иесіне сыйға тартылған естелік сыйлық пен гүлдер – шығармашылық талантты мойындау және жерлестеріне деген мақтаныш.