А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасында «Жазушы –Кітапхана – Оқырман» атты дөңгелек үстел өтті, оған ақын, жазушы, ғалым, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Серікбай Оспанов, ыбырайтанушы Б. Сүйінкина, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры К. Мешітбаева, сондай-ақ А. Байтұрсынов ат. НМ, А. Бірімжанов ат. №115 және «Qazbilim» ұлттық лицейінің оқытушыларымен оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқу әуесқойлары кітап туралы, оқудың пайдасы туралы, өзара ынтымақтастық туралы пікірталас жүргізді. Жазушы Серікбай Оспанов өз еңбектері туралы айтып берді, балалар ақын шығармашылығынан «Жеті ата», «Ахмет ата», «Күй аңыздар» өлеңдерін оқыды, ал кітапханашылар әдебиетке шолу жасап, балаларға ребустар мен шағын викторина ұсынды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар QR-код арқылы балалар әдебиетінің қазынасын толықтыратын құнды еңбектерін ұсынған кітапханашыларға алғыстарын білдірді.
Жазушы – Кітапхана – Оқырман
