Өз мамандығыммен мақтанамын, өз мамандығыма шақырамын

2025 жылдың 18 сәуірінде «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері жастармен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша «Өз мамандығыммен мақтанамын, өз мамандығыма шақырамын» акциясын өткізді.
Іс-шараға № 15 мектептің 7 «а» сынып оқушылары қатысты. Жүргізуші Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын, әлемде олардың 50 мыңға жуығы бар екенін айтты. Балаларды кітапханашы мамандығымен таныстырды! Балалар кітапханашының түрлі қызметімен танысты: формулярды толтыру, библиографиялық өнім жасау, өзекті тақырыптарға көрмелер рәсімдеу, каталогтар бойынша кітаптар іздеу. Бұқаралық іс-шаралардың қызықты нысандарын ашатын «Книга и библиотека», «Библио-поле» кәсіби журналдары ұсынылды.
Аида Асылбеққызы Ысмағұл мектеп кітапханасының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.
Балалар «Компьютер немесе кітап» мини-диспутына қатысты. Барлығы басылып шығатын кітапты оқуды жақтады. Сүйікті шығармалары туралы айтып, М. Мақатевтың өлеңдерін оқыды.
Қорытындылай келе, оқырмандар визиткалар мен шақыру парақшаларын алды.