«Южный» кітапхана-филиалында «Шабыт» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Т. Кульманның «Армстронг», Т. Яценконың «Почему небо голубое?», «Мен оқығанды ұнатамын» «Беймәлімге сапар», «Күн жүйесі», «Жұлдызды аспан» серияларынан кітаптар материалдарын пайдаланып, балалармен ғарыш және танымал ғарышкерлер туралы қызықты ақпаратпен бөлісті. Балалар ғарыш әлемі туралы жұмбақтарды белсенді түрде шешіп, «Алғашқы ғарышкерлер» деректі фильмінен үзінді көрді. Іс-шара соңында балалар пластилиннен зымырандар жасап, дайын жұмыстар көрмесіне шолу жасалды.
Ғарыш әлемі
