Шеберлер елге танымал

«Южный» кітапхана-филиалында № 19 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушылары үшін оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында «Шеберлер елге танымал» атты кәсіптер жәрмеңкесі өткізілді.
Жас оқырмандардың назарына әртүрлі мамандықтар туралы басылымдар ұсынылды: дәрігер, мұғалім, агроном, бағдарламашы, өрт сөндіруші, банк ісі және басқалар.
Кітапханашы Е. А. Климовтың «Как выбирать профессию» кітабына,
Е. А. Алябьеваның «Ребенок в мире взрослых» кітабына назар аударды, онда әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктері және еңбек адамдарына деген құрметті тәрбиелеу туралы авторлық әңгімелер ұсынылған.
Соңында «Шеберлер елге танымал» атты кітап көрмесі ұсынылды.