Халықтардың тату отбасы

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Халықтардың тату отбасы» тақырыптық сөресі рәсімделді. Онда «Менің елім Қазақстан», «Мой Казахстан» энциклопедиялары, еліміздің аумағында тұратын түрлі этностар және олардың дамуына қосқан үлесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы кітаптар ұсынылған. Оқырмандар назарына «Представители этносов Казахстана в искусстве и культуре: энциклопедия персоналий», «Роль узбекского народа в истории государства» басылымдары және басқалары, сондай-ақ мерзімді баспасөз материалдары және Б. Қошым-Ноғайдың «Достық жоралғы», О. Асқардың «Балалар әлемі» кітаптарынан 1 мамыр мерекесіне арналған өлеңдер және басқалар ұсынылды.