Шекара күзетінде

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында № 22 НОМ 9 «Д» сынып оқушыларының Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери журналисі Сәкен Нұрасыл Мэлсұлымен кездесу өтті.
Нұрасыл Мэлсұлы өз сөзінде балаларды шекара қызметінің құрылымымен таныстырып, шекара әскерлерінің оқу орындарына түсу тәртібі туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Кездесу өте мазмұнды болды, сенімді жағдайда өтті. Балаларға әскери журналист мамандығы да қызықты болды, бұл біздің аймақ үшін ерекше.
Нұрасыл Мэлсұлы өзінің естеліктерімен бөлісті және балаларға әскери журналистикаға қалай келгені туралы айтып, оларды таңдау тек өздеріне ғана байланысты, олар тек мамандықты ғана емес, әрі қарайғы өмір жолын да таңдайды деп сендірді.