Қазақстан армиясы – бұл елдің берік қалқаны

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері күніне орай «Строительный» кітапхана-филиалында «Қазақстан армиясы – бұл елдің берік қалқаны» кітап сөресі рәсімделді, онда әскери ғылым бойынша материалдар, Қарулы күштердің жалпы әскери жарғылары, әскери және тарихи-патриоттық тақырыптарға қызығушылық танытқандар үшін анықтамалықтар ұсынылған. Қ. Аманжолов пен А. Тасболатовтың «Қазақстанның әскери тарихы» оқу құралы жас ұрпақты ежелгі ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі әскери ғылым тарихымен таныстырады. Жазушы және әскери көсем Бауыржан Момышұлының шығармалары жинағының 32-томына «Из блокнота Бауыржана Момыш-улы. Бауыржан Момыш-улы в истории казахского народа» монографиясы кірді. Кітапта Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының Отанды қорғау ісіне қосқан үлесі мен жауынгерлік жолын ашатын мұрағаттық материалдар бар.
Құрметті оқырмандар, сіздерді кітапханаға келіп, кітап сөресінің материалдарымен танысуға шақырамыз.