Кітаппен әлем мейірімді және жарқын

«Станционный» кітапхана-филиалында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандардың назарына табиғат құпиялары, әлемнің ғажайыптары, «100 великих» ғылыми-танымдық сериясындағы әлемнің атақты саяхатшылары мен ғалымдары, классикадан бастап романтикалық романдарға дейінгі түрлі жанрдағы туындылар, сондай-ақ әрбір оқырманның жүрегінде оқуға деген сүйіспеншілік отын жағуға қабілетті шетелдік, қазақ және орыс жазушыларының үздік балалар шығармаларының қазынасы ұсынылды. Бұл Т. Бейсембектің «Зерек бала», Б. Қарағызұлының «Ұлы даланың ұландары», М. Твеннің «Том Сойердің шытырман оқиғалары», К. Коллодидің «Приключения Пиноккио», Г. Бельгердің «Волк и Чапа», А. С. Пушкиннің ертегілері, С. Михалковтың, К. Чуковскийдің өлеңдері және т. б. кітаптар.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.