2025 жылғы 6 мамырда Н. Островский ат. ОҚК Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Есте қаларлық даңқ» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Отанды қорғаған қазақстандықтардың, қостанайлықтардың қосқан үлесі туралы баяндайтын басылымдар ұсынылды.
Көрмені Қостанай Жеңіс саябағының, Кеңес Одағының Батырларының, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің суреттері безендірді. Мәселен, «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында. Казахстанцы в Великой Отечественной войне» тарихи-деректі зерттеу болып табылатын қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы материалдар жиналды. Кітап «Қостанайлықтар – Совет Одағының Батырлары. Костанайцы – Герои Советского Союза» Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған және Даңқ орденінің толық иегері болған жерлестеріміз туралы баяндайды. Сонымен қатар, көрмеде қостанайлық және рудныйлық ақындарының әскери тақырыптағы өлеңдер жинағы, атап айтқанда Николай Ковтунның «Мир помнит Вас…» және Владимир Сизевтің «Была война…».
«Есте қаларлық даңқ»
