2025 жылдың 12 мамырында «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Жыл кітабын оқимыз» атты кітап шежіресі іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға № 15 мектептің 7 «а» сынып оқушылары қатысты. Жүргізуші 2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқу үшін екі автор таңдалғанын айтты: көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың және ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойы биыл атап өтіледі.
«Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас тұлғалар» тұсаукесері оқушыларды жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар М. Арманбек, Б. Бартай Т. Әлімқұловтың «Дүбара» шығармасынан үзінді оқыды.
Іс-шара соңында «Бір ел – бір кітап» тақырыптық сөресіне шолу жасалды. Кітапханашы балаларға «Оқитын аймақ» буклеттері мен визиткаларын табыс етті.
