2025 жылғы 13 мамырда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін «Біздің Жеңісіміздің рәміздері» тарихи экскурсиясын өткізді.
Іс-шара «Менің Қостанай» жобасы аясында, Қостанай қаласындағы Жеңіс саябағының салынғанына 60 жыл толуына орай өтті.
Кітапханашылар саябақтың құрылуы, ескерткіштер, Батырлар аллеясы, «Әскери техника мұражайы» туралы айтып берді. «Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандар» мемориалының құрылу тарихына толығырақ тоқталды. Мемориалдағы сарбаздың мүсіншісі қостанайлық Виталий Грушковский болғанын, жобаның мүсіншілері Муза мен Леонид Белоусовтар болғанын жастарға қызықты болды.
Көрермендер үшін электронды презентация, бейнероликтер көрсетіліп, өлеңдер айтылды. «Соғыс сәттері кітап жадында» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Іс-шара «Жеңіс күні» әнін орындаумен аяқталды.
Біздің Жеңісіміздің рәміздері
