«Киевский» кітапхана-филиалында жазушы, композитор, өнертанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақановтың шығармашылығына арналған «Менің әнім сен үшін, туған елім» атты бейне-досье ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды Илья Жақановтың шығармашылығымен таныстырып, әр жылдары белгілі бір өмірлік жағдайлардың әсерінен оның әйгілі «Толағай», «Данияр-дыңәні», «Жайлаукел кештері», «Еділ мен Жайық» және т.б. әндерінің қалай жасалғаны туралы әңгімеледі.
«Илья Жақановпен шығармашылық кеш» бейнеролигінен үзінді көрсетілді, автордың өзінің және халық композиторларының әндері шырқалды, олардың шығармашылығын зерттеуге ол өз өмірін арнады.
Менің әнім сен үшін, туған елім
