Назарыңызды кітаптарға аударыңыз

2025 жылғы 20 мамырда Островский ат. ОҚК қызметкерлері орталық алаңда «Назарыңызды кітаптарға аударыңыз» флайер-акциясын өткізді.
Акцияның басты мақсаты – оқуға деген қызығушылықты арттыру, халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітапханашылар кітап оқудың пайдасы туралы ақпараттық буклеттер таратты. Г. Балтабаевтың «Оралхан шыңы», Жұмат Алмашұлының «Сөз жүрегі», Бақыт Сарбалаұлының «Азаттықты аманаттап» сияқты кітаптары ұсынылды.
Сондай-ақ, биыл алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтілгенін атап өтті. Олар бұл мерекенің маңыздылығы туралы айтты.
Соңында қалалық кітапхананың жұмыс режимі туралы еске салды.