Спорт санлақтары

«Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушылары үшін «Спорт санлақтары» тәрбие сағаты өткізілді.
Кітапханашы балаларға әртүрлі спорт түрлері туралы айтып, белгілі қазақстандық спортшылар — Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев және Бақтияр Байсейтовтің жетістіктерімен таныстырды. Балалар осы көрнекті тұлғалардың өмір жолы мен спорттық жетістіктері туралы білді, сондай-ақ спорттық ойындардағы өздерінің жеңістері мен құмарлықтарымен бөлісті.
Үйірме қатысушыларына Т. Досмұхамбетовтың «Нар жолында жүк қалмас»,», «Қазақ олимпиадашылары», Ә. Нұрмаханова «Боксшы болғың келе ме?», Ғ. Сүлеймен «Бақтияр» және т. б. кітаптар ұсынылды.