«Строительный» кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған «Қазақстанның мақтаныш рәміздері» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған кітап және мерзімді басылымдардың материалдары мемлекетіміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының құрылу тарихымен таныстырады.
«Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» балалар энциклопедиясы Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін жасаудың бай тарихымен таныстырады.
«Bala Bi» журналында – рәміздерді қолданудың егжей-тегжейлі сипаттамасы мен тәртібі.
«Мысль» журналында «Каким должен быть Герб Казахстана?» мақаласында лингвист Дастан Елдесов «Мемлекеттік Елтаңбаны құру үшін тарихты, көрнекті мәдениетті, этнографияны зерделеу, дала геральдикасының сабақтастығын жандандыру үшін орасан зор жұмыс жүргізу қажет» деп баяндайды.
Ербол Шаймерденовтің «Елтаным» кітабы Қазақстан Республикасының рәміздерін ғылыми-көркемдік тұрғыдан түсіну арқылы патриотизм мен мемлекеттік мұраттарға құрмет сезімін оятуға бағытталған.
Сіздерді фотокөрмеге қатысуға шақырамыз!
Қазақстанның мақтаныш рәміздері
