«Строительный» кітапхана-филиалында отбасылық оқуға арналған «Ақ босағанның алтын діңгегі» көрмесі рәсімделді, 6 бөлімнен тұрады.
Триндад Катянің «Хорошему – учись, плохого – сторонись» кітабында күлкілі әңгімелер мысалында адалдық, мейірімділік, достық, қарапайымдылық, табандылық, құрмет және жауапкершілік сияқты ізгіліктерді тәрбиелеудің маңыздылығы көрсетілген. Автор Мосин Максимнің «Как обыграть папу в шашки» кітабы логикалық ойлау мен тактикалық дағдыларды дамытатын ойын туралы. Кітаптың кейіпкерлерімен бірге балалар осы ойынның ережелерімен танысады және өз тактикасын құруды үйренеді. Қазақстан Жазушылар және Композиторлар одақтарының мүшесі Тілеуғазы Бейсембектің «Ерке лақ» жинағына балаларға арналған музыкалық ертегілері еніп отыр. Мұндай кітапшалар тек бала кезіңде ғана болады! Сәби оның беттерін ашқанда, оның көз алдында көлемді сүреттерге сиқырлап қойғандай жан бітеді. Панорама-кітапшасы «Қаздар-аққулар» Сіздің сәбиіңіз үшін керемет сыйлық болады.
Құрметті оқырмандар! Сізді отбасыңызға оқуға шақырамыз.
