Ағаш суретін салу

16 қаңтарда «Дорожный» кітапхана-филиалында «Ағаш суретін салу» іс-шарасына «Солнышко» үйірмесінің қатысушылары жиналды.
Кездесу басында кітапханашы балаларды «Қазақстан табиғаты», «Природа» энциклопедияларынан, ағаштар туралы қызықты фактілермен таныстырып, осы кітаптарды ата-аналарымен бірге оқуды ұсынды. Содан кейін үйірмеге қатысушылар шығармашылықпен айналысты, олар ағаш бейнесін салып, оны түрлі-түсті қарандаштармен бояп шықты.
Жұмыс барысында балалар шаблондарды қолдану дағдыларын игерді, қайшымен жұмыс істеуді үйренді және ұсақ моториканы дамытты. Іс-шара балаларға жарқын әсерлер мен жылы естеліктер қалдырды және қуаныш пен шабыт сыйлады.