«Станционный» кітапхана-филиалында «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» тәрбиеленушілеріне тұңғыш қазақ ғалымы, ағартушы, тарихшы және саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Аққан жұлдыз» атты библиокруиз өткізілді.
Қатысушылар оның өмірі мен ғылыми қызметінің негізгі кезеңдері бойынша танымдық «саяхат» жасады. Кітапханашы «Жарқыраған жұлдыз – Шоқан» атты кітап көрмесімен таныстырып, викторина өткізді.
Іс-шара Ш.Уәлихановтың мұрасына жаңа көзқараспен қарауға және оның ғылым мен мәдениет тарихында елеулі із қалдырған жарқын тұлға ретіндегі рөлін атап өтуге мүмкіндік берді.
Аққан жұлдыз