Аңықтамалық-библиографиялық қызмет

Н. Островский ат. Орталық қалалық кітапханасында «Анықтамалық-библиографиялық қызмет» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында кітапханашыларға библиографиялық анықтамалардың түрлері және оқырман сұранысының негізгі түрлері туралы айтылды. Ауызша, жазбаша, электронды (виртуалды) нысандарына назар аударылды. Бейнеролик көрсетіліп, виртуалды анықтама қызметімен танысу өткізілді. Қатысушылар сұрау түрлері бойынша анықтамалардың түрлерін анықтау бойынша практикалық жұмыс орындады.

Соңында кітаптар мен кәсіби мерзімді басылымдарға шолу жасалды.