Абақтының азабы

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қонай» кітапхана-филиалында «Абақтының азабы» тарих сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы саяси қуғын-сүргін, сондай-ақ қазақ зиялылары өкілдерінің қайғылы тағдыры туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылардың назарына «Жазықсыз жаза» көрмесі ұсынылды. Онда Д. Камеловтың «Хайретдин Болганбаев – свет неугасимой звезды» кітабы, Е. Зангировтың «Ұлт рухы: қанатты сөздер», «Асыл тұлға» Жаһанша Досмұхамедов туралы кітабы, «Абақтыдағы жан сөзі» өлеңдерінің антологиясы мен мерзімді басылымдардан мақалалары қойылған.