«Южный» кітапхана-филиалында №19 орта мектептің 2 «Б» сынып оқушылары үшін «Абайлаңыз, балалар!» құқықтық әліппе іс-шарасы өткізілді. Қостанай облысы ІІБ патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенанты Асқаров Жәнібек Болатұлы қатысты. Жәнібек Болатұлы жол бойында өзін қалай ұстау керектігін айтып, велосипедпен жүру ережелерін түсіндірді.
Шара барысында балалар жол қозғалысы ережелерінің пайда болу тарихын, алғашқы бағдаршамның қалай пайда болғанын біліп, «Рұқсат етілген және тыйым салынған», «Бағдаршамның үш жарығы» ойындарына және «Жасыл жарық» викторинасына белсенді қатысты. Балалар жол белгілерінің түрлері туралы білімдерін жол қозғалысы ережелері бойынша жұмбақ құрастыру арқылы бекітті.
Соңында «Жол қозғалысының ережелері құрметке лайық» атты тақырыптық сөре ұсынылды.