24 қыркүйекте «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 8 «А» сынып оқушыларына арналған «Адалдық – табысқа апаратын жол» ситуациялық ойынын өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға қазақ түсінігінде адам адалдық, әдептілік, жауапкершілік сияқты бірқатар асыл қасиеттерден тұратынын айтты.
Іс-шараға қатысушылармен ситуациялық ойын өткізілді, оның барысында оқушылар сұрақтарға жауап берді, адалдық, адамгершілік және әдептілік туралы өз ойларын білдірді.
Іс-шара соңында оқушылар «Адалдық – адамның белгісі» тақырыбында ой қозғады.
Адалдық – табысқа апаратын жол
