Маусымның 13-і күні «Узкоколейный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №25 орта мектептің «Солнышко» демалыс лагеріне қатысушыларға «Адам өміріндегі кітап мен кітапхана» атты кітапханалық сабақ өткізді.
Іс-шараның басында балалар ең көне ақпарат көздерінің бірі – кітаптың жасалу тарихымен танысты. Кітапханашы түйінді жазу тарихы, оның орнына пиктография мен иероглифтердің қашан және қалай келгені, папирус шиыршықтары мен балшық тақтайшалар қалай пайда болғаны, қандай пергаменттен жасалғаны, алғашқы қағаздың қашан, қай елде пайда болғаны туралы әңгімелеп берді. Ол балаларды кітаппен жұмыс істеу ережелерімен таныстырып, кітапханадағы кітаптар қатаң түрде алфавиттік тәртіпте екенін түсіндірді. Балаларға кітап туралы викторина мен жұмбақтар дайындалды, олар қуана шешті.
Сонында балалар «Кітап – біздің досымыз» атты тақырыптық сөремен танысты.
Адам өміріндегі кітап пен кітапхана
