Адам өміріндегі кітап және кітапхана

«Южный» кітапхана-филиалында М. Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушыларына арналған «Адам өміріндегі кітап және кітапхана» атты кітапханалық-тарихи экскурсия өткізілді.
Кітапханашы балаларды кітапхана бөлімдерімен – абонементпен және оқу залымен, кітапхана мен кітаптарды пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстырып, олардың қалай жасалғаны және не үшін қажет екендігі туралы айтып берді.
Іс-шара барысында балалар кроссвордтар шешіп, кітаптар мен білім туралы жұмбақтар шешті. Экскурсия балаларды түрлі мерзімді басылымдармен, жарқын, түрлі-түсті журналдармен – «Балдырған», «Айгөлек», «Бала би», «Ертегілер әлемінде», «Три кота», «Смешарики», «Том и Джерри» таң қалдырды.
Іс-шара соңында кітапхана туралы мультфильмдер көрсетілді, балалар жағымды қосымша ретінде оқуға арналған бетбелгі-трекерлер алды.