Адам келбетіндегі вирус

«Дорожный» кітапхана-филиалында қауіпті әлеуметтік құбылыстардың – терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасты дамытуға және терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың маңыздылығын түсінуге бағытталған «Адам келбетіндегі вирус» тақырыптық сөресі рәсімделді.
Экспозицияға терроризм мен экстремизмнің мәнін, олардың негізгі белгілерін, көріну нысандарын, сондай-ақ азаматтарды құқыққа қарсы қызметке тартудың алдын алу тәсілдерін ашатын ақпараттық материалдар кіреді. Ұсынылған материалдар келушілерге осындай қауіптердің табиғатын тереңірек түсінуге және жеке, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі.
Көрмеде «Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қ. Рахмановтың «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» кітабы және мерзімді баспасөз материалдары ұсынылған: «Фемида» журналындағы А. Скаковтың «Профилактика экстремистских взглядов среди молодежи» мақаласы, «Мәдениет» журналындағы С. Тәжібаевтың «Діни экстремизм – қоғамның діни тұтастығын бұзатын әрекет», Т. Бекеттің «Экстремистік ұйымдардың алдын алу маңызды» мақалалары.