«Узкоколейный» кітапхана- филиалында 2024 жылғы 13 маусымда «ООҮ: Оқимыз. Ойнаймыз. Білеміз.» жобасы аясында шағын ауданның кіші, орта жастағы клуб мүшелері үшін «Адам және табиғат» іс-шарасы өтті.
Табиғатты қорғау тақырыбы қазіргі уақытта барлығына, әсіресе балаларға да маңызды. Сондықтан іс-шара барысында балалар байқауларға белсенді қатысып, жұмбақтар шешті, осылайша жануарлар мен құстар әлемі туралы білді.
Өткізілген іс-шара нәтижесінде балалар экологиялық проблемалармен танысты, қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін нығайтты.
Балалар табиғатқа ұқыпты қарау туралы өз пікірлерін білдірді және қателесуден қорықпады.
Іс-шара соңында балалар «Жерді сақта, Адам!» экологиялық бейнеролик қарады. Бұл іс-шара балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуде оң рөл атқарады.