Адам жанының кардиографы

«Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 9-10 сынып оқушыларына «Адам жанының кардиографы» атты әдеби кеш өткізді. Аталмыш кездесу жазушы, драматург, сыншы Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл толуына арналды.
Оқушыларға Сәбит Досановтың өмірбаяны жайлы толық айтылып, шығармаларына шолу жасалды. Білім алушы жеткіншектер Сәбит Досановтың Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері екендігін және облысымыздың тумасы болғанын мақтан тұтты. Оқушылар жазушының туындыларын қызыға тыңдап, әңгімелер жинағын бірге оқып, өзара ой бөлісті. Сәбит аға Досановтың өмір өрнектері, тағдыр тараулары таңдандырды. Енді мектеп оқушылары жазушының әңгімелер жинағын ерекше құлшыныспен оқиды деп сенеміз!