Адам. Жауынгер. Жазушы

Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орайластырылған «10-шы аймақ ОҚИДЫ» облыстық акциясы аясында «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері МАТЛМИ 9-сынып оқушылары үшін Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Адам. Жауынгер. Жазушы» атты ерлік сабағын дайындады.
Кітапханашы Бауыржан Момышұлының ерлік жолы туралы, оның әлемнің көптеген тілдеріне аударылған: «Алыстан сәлем жолдаймын», «Шежіре», «Қойын дәптер құпиялары», «За нами Москва» және т.б. шығармалары туралы әңгімелеп берді. Балалар Әзілхан Нұршайықовтың Бауыржан Момышұлы туралы «Таңдамалы шығармалары» шығармасының № 2 диалогын дауыстап оқыды. Бұдан әрі оқушылар мұғалім Нұрымжан Қайратұлының жетекшілігімен батырымыздың әділдігін, адамгершілігі мен батылдығын бейнелейтін «Ақиқат пен аңыз» көрінісін көрсетті. Кітапхана оқырманы Сұлтанбек Раисов жастарға Бауыржан Момышұлы жазған батасын берді.
Соңында «Жазушы. Әскері. Адам» батыр ескерткіші туралы бейнеролик көрсетілді және «Батырдың хаты» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.