«Южный» кітапхана-филиалында «10 аймақ ОҚИДЫ!» облыстық акция аясында құрылыс колледжінің I курс студенттері үшін «Ал
кітаптарда жады өмірге келеді» атты әдеби композиция іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Қостанай қалалық
филиалының «Южный» шағынауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы
Валентина Александровна Груздева, тыл еңбеккері Галина Егоровна
Малиновская және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсоводы
Регина Хасанова қатысты.
Кітапханашы аудитория назарына Ұлы Отан
соғысы туралы жазылған кітаптар топтамасын ұсынды: Б. Момышұлының
«За нами Москва», Т. Ахтановтың «Свет очага», Қ. Қайсеновтың
«Партизанской тропой», М. Шолоховтың «Судьба человека», К. Симоновтың
«Живые и мёртвые» және т.б.
Мұражай қызметкері көшпелі көрменің
сүйемелдеуімен Ұлы Отан соғысына қатысушы қостанайлықтар туралы
айтып берді. Груздева Валентина Александровна өзінің сүйікті Т. Ахтановтың «Свет очага» кітабы туралы өз әсерімен бөлісті, жердегі өмірдің салтанаты үшін күресіп жатқан ананың ерлігі туралы романнан үзінділерді оқыды. Ал тыл еңбеккері Галина Егоровна Малиновскаяның әңгімесінде қайғылы соғыс уақыты туралы естеліктер айтылды, бұл оның жадында мәңгі сақталған соғыс қасіретін көрсетеді. Кездесу барысында ашық диалог жүргізіліп, оқушылар қонақтарға сұрақтар қойды.
Іс-шара соңында «Соғыс сәттері кітап жадында» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Ал кітаптарда жады өмірге келеді
