Алаш мұрасының адал шырақшысы

2025 жылдың 7 қазанында «Северный» кітапхана-филиалы ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қазақ ақыны, жазушысы, журналист Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш мұрасының адал шырақшысы» атты портрет кешін өткізді.
Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның қонағы, әнші Алпыс Абзал домбырада М.Дулатовтың «Таза бұлақ» әнін орындады, ал танымал әнші Алпысов Серік М. Дулатовтың бейнесінде «Қаншеңгел» әнін орындады.
№ 28 мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Кітапханашы Тазагүл Жарқынбаева «Қазақ осы» әнін орындады.
Іс-шара соңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті басшысының Қостанай облысы бойынша орынбасары, полковник Мадияр Бақытұлы, №28 мектеп-гимназиясының директоры Жансая Бақытбекқызы және «Северный» кітапхана-филиалының меңгерушісі Разья Мұхтарқызы қатысушыларға ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді.