Аналарымызға арналған гүлдер

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Фантазия» үйірмесінің қатысушыларына «Аналарымызға арналған гүлдер» шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында қатысушылар картоннан және түрлі-түсті қағаздан, қайшы мен желімнен нәзік жапырақшалар жасауды үйренді. Осы материалмен жұмыс жасау техникасын меңгерген балалар өз қолдарымен таңғажайып гүлдер жасады, оларды мақтанышпен үйлеріне алып кетті.