Ар-ұждан батыры

«Северный» кітапхана-филиалында «Активное долголетие» СӨС тобының мүшелерінің назарына «Ар-ұждан батыры» тарихына экскурсия ұсынылды. Бұл іс-шара біздің атақты жерлесіміз, көрнекті қоғам қайраткері, даланың лайықты ұлы Григорий Николаевич Потаниннің 190 жылдығы аясында өтті.
Іс-шарада Қазақстан тарихы мен мәдениетіне баға жетпес үлес қосқан ғалым туралы ақпарат ұсынылды. Қазақ тарихшысы, этнограф, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлиханов пен орыс тарихшысы, ботаник, географ, публицист, фольклортанушы Григорий Николаевич Потаниннің достығы мен байланысына ерекше назар аударылды.