2025 жылғы 11 маусымда Н. Островский ат. ОҚК «Soile Time» клубының мүшелерімен «Арнайы киімдер» тақырыбына байланысты кезекті сабақ өткізілді.
Клуб қатысушылары осы тақырып төңірегінде аяқкиім, шалбар, шұлық, баскиім, белдемше, жейде, костюм-шалбар, күртеше, қолғап, қалпақ, көйлек, мойынорағыш т.б. жаңа сөздермен танысты.
Тақырып бойынша топпен және жеке «Арнайы киімдер әлемі», «Сиқырлы жауаптар», «Артық сөздер», «Мәтінге назар аударайық» сынды тапсырмалар орындады.
Арнайы киімдер
