2025 жылдың 17 ақпанда Н. Островский ат. ОҚК қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын, жазушыдан қалған рухани мол мұраны насихаттау мақсатында «Асқар тау жарық жұлдыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге С. Мұқановтың өз бағасын алған 10-томдық шығармалар жинағы, 2-томдық шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, қазақ мәдениетінің тарихы мен этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа: «Адасқандар», «Аққан жұлдыз», «Балуан Шолақ», «Мөлдір Махаббат», «Өмір мектебі», «Сұлушаш» кітаптары, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар – «Сәбит Мұқанов» (Аңыз адам. – 2016. – қыркүйек. – Б.4), «Сәбит Мұқанов – өз заманының жазушысы» (Аңыз адам. – 2016. – қыркүйек. – Б.14), Амантай Кәкеннің «Тауқымет» (Жұлдыз. – 2020. – ақпан. – Б.177) журналдары қойылған. Кітапхана оқырмандарын қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі болған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайындағы мәліметтермен таныс болуға шақырамыз.
