Астана – бейбітшілік пен армандар қаласы

Астана күні мерекесі қарсаңында «Дорожный» кітапхана-филиалының оқырмандары үшін «Астана – бейбітшілік пен армандар қаласы» атты әдеби-музыкалық композициясы өткізілді. Кітапханашы оқырмандарды Қазақстан астанасының тарихымен, дамуымен, жетістіктерімен және көрікті жерлерімен таныстырды. Іс-шараға «Елорда – ел мақтанышы» презентациясы дайындалды.
Соңында балаларға «Астананың өрлеуі – Қазақстанның өрлеуі» атты кітап көрмесі ұсынылды.