2024 жылғы 24 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Атақты есімдердің шоқжұлдыздары» атты өлкетану сағатын ұйымдастырды.
Кітапханашылар біздің өлкемізді дәріптеген жерлестеріміздің еңбегі туралы айтып берді. Олар Социалистік Еңбек Ері тракторшы Кәмшат Доненбаева, механизатор Жансұлтан Демеев, агроном Вера Сидорова, байланысшы Бизад Жиенғазина және басқалар.
Сонымен қатар «Еңбек жолы» аймақты конкурсы және номинациялар бойынша конкурс жеңімпаздары туралы айтылды.
Шақырылған қонақтар: «Қостанай облысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау комитеті, реттеу және бақылау департаменті» РММ маманы Шыңғысбек Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков, жоғары санатты дәрігер Б. Искужинова, ҚР Суретшілер одағының құрметті мүшесі өнертанушы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Сая Нұрлыбайқызы Калинова.
Оқырмандар Ғ. Қайырбеков, Ф. Оңғасарова, А. Суслова, Н. Ковтунның өлеңдерін оқыды. Бейне және презентация көрсетілді. Іс-шара соңында «Әр мамандық – даңқ пен абырой» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Қазақстанда еңбекқорлық пен кәсіпқойлықтың құндылықтары бірінші орында, ал «еңбек адамы» жоғары мәртебеге ие болуы керек.