Ата-баба дәстүрін жаңғыртып

2025 жылғы 25 қантарында Н. Островский ат. ОҚК «Шабыт» шығармашылық клубының кезекті отырысы өтті. Кітапхана қызметкерлері «Ата-баба дәстүрін жаңғыртып» атты қолөнері туралы айтып берді. Жиналғандар назарына электронды презентация мен киіз басу техникасын көрсететін бейнероликтер көрсетілді. Үйірме мүшесі Барсакбаева Ибагул Накаувна сөз сөйлеп, «Киіз басу техникасы» шеберлік сыныбын өткізді: көрермендер назарына шығармашылық жұмыстар ұсынылды, киізбен жұмыс көрсетілді. Тыңдаушылар клуб отырысының практикалық бөлігіне белсенді қатысты.