Наурызнаманы мерекелеу мерзімінде, 15 наурыз күні «Золотой возраст» клубының қатысушылары үшін қайырымдылыққа, мейірімділікке және тату көршілікке арналған «Қайырымдылық куні» – «Ата салтым-асыл мұрам, ардағым» атты дәстүр сабағы өткізілді. Тұсаукесер барысында кітапханашы мерекенің тарихы туралы айтып, қайырымдылық күніне ерекше көңіл бөліп, қоғамға бір-біріне ұқыпты қарау мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара көмек құндылықтарын қалыптастырды. Қатысушылар пікір алмасып, қазақ дәстүрлерінің қадір-қасиетін талқылады, өйткені бұл бейбітшілік пен мейірімділік, молшылық пен қонақжайлылық мерекесі.
Соңында «Салтанат – асыл қазына» тақырыптық сөресіне шолу жасалып, іс-шараның әрбір қатысушысына шағын көрпешелер сыйға тартылды.
Кітапханада мерекенің нағыз атмосферасы болды.
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым!
