Аталардың ерлігіне қол тигізейік

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін «Аталардың ерлігіне қол тигізейік» әскери-тарихи тұғырнамасын өткізді. Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды.
Кітапханашылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, Қостанай облысы және Қостанай қаласы тарихының беттері туралы айтып берді. Электронды презентация, бейнероликтер көрсетіліп, әскери тақырыптағы өлеңдер айтылды. Музыкалық нөмірлермен «Встреча друзей» клубының қатысушылары, кітапханашы Қ. Тасболатова шықты.
151 атқыштар бригадасы туралы фактілер, қалалық кітапхананың ҰОС жылдарындағы үлесі, Жеңіс саябағы туралы ақпарат айтылды.
Жас ұрпаққа 2025 жылдың 7 қаңтарында жерлесіміз, ҰОС ардагері П.В. Даценко жүз жылдық мерейтойын атап өткені қызықты болды.
Әскери-тарихи подиум «Есте қаларлық даңқ!» кітап көрмесіне шолумен және «Жеңіс күні» мен «Смуглянка» әндерін орындаумен аяқталды. Іс-шара патриотизм рухына толы болды.