Ауғанстан менің жүрегімде

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығы қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалы Дружба жалпы білім беретін мектебімен және «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп «Ауғанстан менің жүрегімде» атты еске алу сағатын өткізді.
Қатысушылар қанды соғыстың тарихы туралы білді, бейнероликтер көрсетілді, Виктор Куценконың «Время выбрало нас» өлеңі, «Война прошла, но нам нельзя забыть», «Письмо к матери» әні айтылды.
Іс-шараның құрметті қонағы Ауған соғысының ардагері Казаков Виктор Исмаилович болды, ол балаларға интернационалист-жауынгерлер қатарындағы қызметі туралы айтып берді, өзінің қызметі, әскери достары, командирлері, соғыстан кейінгі өмірі, қостанайлық ауғандықтардың жауынгерлік бауырластығы туралы көптеген сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылардың назарына Ауған соғысы туралы дәстүрлі түрде де, QR-кодтары бар мұқабалардың фотосуреттері түрінде де кітаптар ұсынылды.
Іс-шара соңында барлығы қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.