Ауадағы парашюттер

2 шілдеде «Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» балалар клубының қатысушыларына «Ауадағы парашюттер» атты шеберлік сабағын өткізді. Кітапханашы балаларға парашют туралы жұмбақ сұрады, оның құрылымы мен мақсатын айтты. Сондай-ақ кітапханашы балаларға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы, оның мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылатынын және көп пайдаланылған заттардың екінші өмірін таба алатынын еске салды. Балалар кітапханашының жетекшілігімен целлофан пакеттерден, жіптерден және пластик бөтелкелердің қақпақтарынан парашют жасап, кейін барлығы бірге аспанға ұшырды.