«Станционный» кітапхана-филиалында № 122 ОМ 7 сынып оқушыларына арналған «Аудан туралы» зияткерлік өлкетану ойыны өткізілді. Ойын төрт турдан тұрды: 1 тур – «Туған қаланың тарихы», 2 тур – «Туған өлкенің табиғаты», 3 тур – «Полиглот», 4 тур – «Портреттер сөйледі».
Іс-шара барысында балалар қаламыздың тарихы, экологиясы, географиясы және әдеби өмірі туралы сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Біріншілік үшін белсенді түрде жарысып, туған өлке туралы білімдерін көрсетіп, логикалық ойлады, дауласты, қойылған сұрақтарға дұрыс жауаптарды таңдап, өз көзқарастарын қорғады. Екі команда да жеңіске жетті. Ұжымдық қатысу туған жерге деген адалдықтың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Соңында «Туған жер – барлық уақыттағы махаббат» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Аудан туралы
