Аула қақпасынан басталады, Отан отбасынан басталады

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай № 22 ОМ оқушылары үшін «Северный» кітапхана-филиалында «Аула қақпасынан басталады, Отан отбасынан басталады» атты поэзия кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаяны, оның шығармашылығы туралы айтып берді. Мектеп оқушысы «Атасы мен немересі» өлеңінен үзінді оқыды. Іс-шара соңында балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.